«Қызыл» аймақ шектеулері 7 күн сақталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қызыл» аймақ шектеулері 7 күн сақталады

26.10.2021

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында «қызыл» аймақтың карантиндік шектеулері тағы 7 күнге созылады. Инфекцияның таралу қарқыны бойынша қос шахардың қауіптің «қызыл» деңгейінен «сарыға» өтуіне қарамастан, шектеулер тағы бір апта бойы сақталады. Көршілес Ресейдегі эпидахуалдың нашарлауына байланысты санитарлық шараларды қатаң сақтау ұсынылып отыр.

Әкімдік өкілдерінің мәліметіне сай, Ресей мен Еуропа елдерінен келгендер жіті бақылауға алынады. Мобильді бригадалар әуежайда, теміржол вокзалдары мен автовокзалдарда кезекшілік етеді. Әуежайдың халықаралық ұшып келу залдарында дене қызуы бар жолаушыларды анықтау үшін 7 стационарлық байланыссыз тепловизор орнатылған. 


Хабарламаларға жазылу