Түрік сарбаздары Сирия мен Иракта тағы екі жылға қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түрік сарбаздары Сирия мен Иракта тағы екі жылға қалды

27.10.2021

Түрік парламенті елдің қарулы күштерінің Ирак пен Сирияда операцияларды жүргізу мерзімін тағы екі жылға ұзартты. Бұған сай, түрік сарбаздары бұл елдерде трансшекаралық терроризмге қарсы іс-қимылдарды 2023 жылға дейін өткізеді. Шешімді Түркияның Әділет және даму партиясы мен Ұлттық қозғалыс партиясы құптаса, тағы екі саяси бірлестік қарсы шыққан.

Айта кетейік, түрік парламенті елдің ұлттық қарулы күштерін Сирия мен Иракта пайдалануға 2014 жылы рұқсат берген еді. Содан бері мандат бірнеше мәрте ұзартылды. 


Хабарламаларға жазылу