Күріш алқабы қысқарса, 300 мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Мәжілісте сауал жолдаған депутаттар алқапты 29 мың гектарға азайту туралы мәлімдемеге түсіндірме беруді сұрады. Олардың атына Алматы облысы Балқаш, Ескелді ауданының диқандарынан хат келген. Айтуынша, мемлекеттік органдардың су тапшылығын тек егістік алқапты қысқарту арқылы тежеуі дұрыс емес. Олар көрші мемлекеттермен келіссөз жүргізіп, су үнемдеу технологияларын дамыту қажет деп санайды.
Ақерке Бектас