Солтүстік Қазақстанда 300-ге тарта дәрігер тапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстанда 300-ге тарта дәрігер тапшы

28.10.2021

Әсіресе анестезиолог-реаниматолог, педиатр, акушер-гинеколог, психиатр, сәулелік диагностика мамандары жетіспейді. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, маман тапшылығының туындауына дәрігерлердің көршілес Ресейге, Нұр-Сұлтан қаласына көшуі, резидентураға оқуға түсуі және басқа салаға ауысуы себеп.

Әсіресе мамандардың жетіспеуі 2016 жылы анық байқалды. Ол кезде 400-ге жуық дәрігердің орны бос тұрды. Қазір өңірдің денсаулық сақтау ұйымдарында 1 400-ге тарта дәрігер және 5 мыңнан астам орта медицина қызметкері еңбек етеді.



Хабарламаларға жазылу