Батыс Қазақстанда кеуіп кеткен өзенге су келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстанда кеуіп кеткен өзенге су келді

28.10.2021

Батыс Қазақстан облысындағы трансшекаралық үлкен өзендердің бірі - Қараөзенге су келіп, Жаңақала ауданынның аумағына дейін жетті. Бұған дейін арнаның аңқасы кеуіп, жағалай орныққан ондаған елді мекен мен шаруашылық тіршілік нәрінен тарыққан еді. Қуанышты жағдайды тұрғындар бізге де айтты. Ұлттық арна тілшілері осы мәселені бірнеше рет көтерген еді.

Биыл үкіметтен Қараөзен мен Сарыөзенге Ресейден су сатып алуға 4 млрд теңге бөлінді. Алайда жоғарыдан күзден бастап жіберілетін су ауданға тек қыста баратын. Биыл су канал арқылы емес, тікелей өзен арнасымен жіберілді. Соның арқасында елді мекенге тез жетіп, өзен арнасы кемеріне келді.

Руслан Оразғалиев,  Жаңақала аудандық қоғамдық кеңесінің мүшесі:

Су келмегелі, мына өзендердің арнасы кепкеніне он жылдай болды ғой.  Халық қуанып жатыр, мал да таза су ішеді. Бұрын осы судың аздығынан мал өлімі болып, балшыққа батып, түрлі аурулар тараған кездер болды. Облыстық комиссияның, журналистердің көп көмегі болды. Солардың арқасында осындай жетістікке жеттік.


Хабарламаларға жазылу