Биылғы қуаңшылыққа қарамастан Солтүстік Қазақстандағы «Полтавское» серіктестігі мол өнім алды. Ісін дөңгелетіп отырған жергілікті кәсіпкер жұмысшыларына арнап үй де салып берген. Елді мекендегі біраз түйткілді шешуге «Ауыл –ел бесігі» бағдарламасы сеп болды. Ауылды түлетуді көздеген іргелі жоба өңірлерде қалай іске асып жатыр, тілші бейнематериалында.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша теріскейде жыл соңына дейін 75 жоба жүзеге асады. Бұл мақсатқа қазынадан 9,7 милилиард теңге бөлінді. Алдағы 4 жылда 300-ден астам ауылдың проблемасы шешілмек. Өңірге келген Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин жөнделіп біткен мәдениет, білім беру, спорт нысандарын аралады. Сонымен қатар, жол құрылысын көрді. Ауыл еңбеккерлерімен тілдесті.
Юрий Ильин, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:«Полтавское» серіктестігінің басшылығымен кездестік. Биылғы ауа райына қарамастан диқандар жақсы өнім жиған. Елді мекен көркейіп келеді. Әрине, шешілетін мәселелер де көп. Ауылдардағы үйлердің көбі тозған. Болашақта жұмысшыларына арнап үй салатын кәсіпкерлер шығынының 50 пайызын мемлекет өтеп берсе деймін. Сондықтан осы мәселені қарастыртыру керек.
Ал, Жамбыл облысында алдағы 5 жылға жоспарланған мыңға жуық инвестициялық жобаның 40 пайызы ауылды түлетуге арналған. Ауыл шаруашылығы саласының жай күйімен танысқан ведомство басшысы Ербол Қарашөкеев бірқатар кәсіпорындардың жұмысын көрді. Олардың қатарында көкөніс өсіретін жылыжай да бар. Кәсіпкер бір жылдың ішінде 15 сотық жерден 18 тонна қияр жинап алған. Биыл өнім одан да көп болыпты.
Атырау облдысында жол құрылыс қарқынды. Алдағы төрт жылда жергілікті маңызы бар жолдардың 95%-ы жөнделмек. Өңірге арнайы барған Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой спорт, білім беру және денсаулық сақтау нысандарының құрылысымен танысты. Өңірдің медициналық мекемелеріне барды. 2025 жылға дейін елді мекендерді кешенді дамыту нәтижесінде ауыл халқы таза сумен қамтылып, жоғары жылдамдықты интернетпен 100 пайыз қамтылмақ.
Эльмира Кәленова