Қазақ-Қытай шекарасындағы жүк тасымалы мәселесі жақын арада шешімін табуы тиіс! Әріптестерімен онлайн талқылау өткізген Қазақстен темір жолы және Сыртқы істер министрлігі өкілдері экспорт және импорттық тауар тасымалын жылдамдатуға келіскендерін айтып отыр. Тіпті Қытай тарапы шекарада қаңтарылып тұрған вагондардың жартысын апта соңына дейін кіргізбек ниетте. Бұған дейін індетке байланысты эпидемиологиялық бақылауды күшейткен қытайлықтар жүк вагондары мен көліктерді кіргізбеген еді. Соның кесірінен отандық тауар экспорттаушылар 10 миллиард теңге шығынға батқандарын айтқан еді.