Бүгін Ұлттық валютамыз долларға шаққанда бірден екі жарым теңгеге арзандап, екі ай бұрын болған максимумға жетті. Қазір АҚШ ақшасы 427 теңге 60 тиын, Еуро 496, Рубль – 6 теңге.
Төл ақшамыздың арзандауына мұнай бағасының түсуі себеп. АҚШ-тағы қара алтын қоры 480 миллион баррелге дейін жетті деген жаңалық мұнай құнына кері әсер еткен. Қазір бренттің баррелі 82 доллар. Десе де сарапшылар баға осы қалпында сақталады деп болжап отыр. Айтуларынша қара алтын тек келесі жылдың үшінші және төртінші тоқсандарында қатты арзандауы мүмкін.