Ал Павлодар мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Кәсіпорын дүйсенбіден бастап түрлі мұнай өнімдерін қайта өндіре бастайды. Қазмұнайгаздың хабарлауынша зауытқа күрделі жөндеу жасалған. Өндіріс орыны қайта жанданса, нарықтағы ахуалды реттеуге септігі мол дейді сарапшылар. Әсіресе дизель тапшылығы мәселесі жойылмақ. Айта кетейік бұған дейін осы зауытты жөндеу жанармай жетіспеушілігіне байланысты екі рет кейінге шегерілген еді. Ал Атыраудағы кәсіпорынды жаңғырту жұмыстары мүлдем келесі жылға қалдырылған еді.