Ақмола облысында «Ньюкасл» ауруынан үй құстары қырылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында «Ньюкасл» ауруынан үй құстары қырылып жатыр

29.10.2021

Ақмола облысының Балкашино ауылында 100 шақты тауық қырылып қалды. Сараптама олардың «Ньюкасл» деп аталатын аурудан өлгенін көрсетіп отыр. Қанаттылар 10-ыншы қазаннан бастап ауылдың 3 үйінде қырыла бастаған. Мамандардың пікірінше, тауықтарға бұл инфекцияға қарсы екпе салынбаған болуы мүмкін. Аурудың шығу себебі де осы. «Ньюкасл» - вирустық жұқпалы құс ауруы. Сондықтан Балкашино ауылында карантин енгізілмек. Одан кейін елдімекенде республикалық эпизоотикалық жасақ жұмыс істейді. Құстарға вакцина салынып, залалсыздандыру жасалады. «Ньюкасл» ауруы биыл Ақмола облысында бірінші рет тіркеліп отыр.

Ағыбай Сыздықов, Ақмола облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары:
Алған кісілер егілмеген балапандарды алып қалған, соның енді жағдайы шығып жатыр. Бүгінгі күні қазір жағдай тұрақты, өліп жатқан құстар жоқ.

Ермек Елберген

Хабарламаларға жазылу