Павлодарда балалар ауруханасында өрт шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда балалар ауруханасында өрт шықты

29.10.2021

Кеше түнде Павлодарда балаларға арналған облыстық инфекциялық ауруханада өрт шығып, 180 адам басқа корпусқа көшірілді. Зардап шеккендер жоқ. 17 адам дәрігер көмегіне жүгінген, оның ішінде 9-ы бала. Бірақ олардың еш жері күймеген. Түтінге тұншығып, тыныс алу қиындаған. Өрттің шығу себебі белгісіз. Болжамға қарағанда люминисценттік лампа қатты қызған болуы керек. Себебі, пластик есік пен қоршау жақтаулары балқып, өткір иіс және будақтаған қара түтін бүкіл ғимаратқа жайылған. Бықсыған түтінді өрт сөндірушілер келгенге дейін аурухана қызметкерлері сөндіріп үлгерген.
Ардақ Күзеков, облыстық балаларға арналған инфекциялық аурухананың директоры:
Ешқандай жалын болған жоқ. Сол себептен біз балаларды эвакуация жасадық. Шығын жоқ.
Ал, Семейде пәтер өртеніп 4 бала құтқарылды. Үлкені 6 жаста, кішісі 6 айлық. Ата-аналары қараусыз қалдырып кеткен балаларды төтенше жағдай қызметкерлері терезеден кіріп құтқарды.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу