Римде «Үлкен жиырмалық» елдері лидерлерінің саммиті өтеді. Сол үшін Италия астанасына әлемнің ең ірі 20 экономикалық державасының басшылары жиналып жатыр. Италия ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, шетелдік жоғары лауазымды делегаттардың қауіпсіздігін қамтасыз етуге 6 мыңдай полицей мен 500-дей жауынгер тартылады. Алдағы екі күнде өтетін кездесуде қаралатын негізгі проблемалардың бірі – планетаға климаттың өзгеруінен төніп тұрған қауіпті еңсеру жолдары. Бұл мәселе содан кейін Біріккен Ұлттар Ұйымының Глазгода өтетін саммитінде талқыланады.