Президент Энергетика министрін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Энергетика министрін қабылдады

29.10.2021

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады. Кездесу барысында Мемлекет басшысы еліміздегі жанар-жағармай қорының бірден азайып кетуіне жол бермеуін тапсырып, ішкі нарықта тапшылық тудырған ведомстволардың жұмысын сынға алды. Энергетика министрі Президентке тапшылықтың орнын толтыру үшін қабылданған шұғыл шаралар туралы баяндады. Ресейден 150 мың тонна дизель отыны импортталған. Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстары 2022 жылға шегерілген. Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, қазір жағдай тұрақталып келеді.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу