Ирактың Күрдістан аймағында толассыз жауын соңы алапат тасқынға ұласты. Одан әсіресе Эрбиль қаласы қатты зардап шеккен. Мұнда жолдар мен үйлерді су басып, қазір апаттан келген шығын есептеліп жатыр.
Жауын мен бұршақ сенбі күні басталған. Одан қаланың маңында бірнеше ауылға үлкен зиян келді. Күрдістан премьер-министрі Мансұр Барзани мәлімдегендей, зардап шеккендерге мемлекет тарапынан көмек беріледі.
Арыстан Рысбек