Тәліптер шетелде бұғатталған активтерді босатуды талап етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәліптер шетелде бұғатталған активтерді босатуды талап етті

01.11.2021

Талибан Ауғанстанның АҚШ пен Еуропа банктерінде бұғаттаулы жатқан 10 млрд долларға жуық активтерін босатуды талап етті. Себебі елді экономикалық дағдарыс жайлауға жақын. Ал гуманитарлық көмек мардымсыз. Бұған қоса, қуаңшылық, валюта дағдарысы, ашаршылық мәселелері өрши түскен. Ауғанстан Орталық банкі өкілдерінің мәлімдеуінше, дағдарысқа жол бермей, жергілікті валюта мен бағалардың тұрақтылығын ұстап тұру үшін ай сайын 150 млн доллар қажет. Айтуынша, осылай жалғаса берсе, банктер құлдырап, азық-түлік тапшы болатын күн де алыс емес. 

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу