Алматыда митинг ұйымдастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда митинг ұйымдастырылды

01.11.2021

Тіркелмеген «Ел тірегі» партиясы Алматыда митинг ұйымдастырды. Шеруге қала билігінің келісімі берілген. Шаһар әкімдігі жиналушылардың қауіпсіздігі үшін барлық мүмкіндікті қарастырды. Полиция жиындағы тәртіпті қадағаласа, жедел жәрдем көліктері азаматтардың денсаулығын бақылап тұрды. Шоқан Уәлиханов ескерткішінің алдына жиналушылар Қазақстан мен «Сбер» компаниясы арасындағы цифрлық платформаны дамыту туралы келісіміне қарсы екенін білдірді.


Хабарламаларға жазылу