Алматының әрбір үшінші тұрғыны – 35 жасқа толмаған жас азамат. Бұл туралы қалада Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Jastar Alany» форумында айтылды. Жиынға қатысушылар алдында сөз сөйлеген шаһар әкімі Бақытжан Сағынтаев экономиканың басты драйвері -креативті жастар екенін атап өтті.