Шотландияның Глазгосында өтіп жатқан БҰҰ-ның Климаттық саммитінде алғашқы маңызды келісім жасалды. Әлем елдерінің лидерлері 2030 жылға қарай ормандардың оталуын тоқтатуға және оған қарсы тұруға уәде берді. Мұндай құжатқа бүгін қол қойылады. Ормандарды кесуді жол бермеуге 19 млрд доллардан астам қаражат бөлінбек. Бұған қоса, әлемнің 30-дан астам ірі компаниясы ағаштарды кесуге қатысты кәсіпке инвестиция құюды тоқтатпақ. Ормандардың оталуын тоқтатуға қатысты келісімге қол қоятын мемлекеттер арасында Бразилия, Ресей, Канада мен Индонезия бар. Айта кетері, әлемдегі ормандардың 85 пайызы осы аталған елдердің аумағына кіреді.