Қостанай және Ақмола облыстарында мыңнан аса жүргізуші куәлігі азаматтарға заңсыз берілген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай және Ақмола облыстарында мыңнан аса жүргізуші куәлігі азаматтарға заңсыз берілген

02.11.2021

Қостанай және Ақмола облыстарында мыңнан аса жүргізуші куәлігі азаматтарға заңсыз берілген. Қоғам үшін «кеселді» әрекетке барған басқа емес, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» мамандары. Мұны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі кезекті тексеру кезінде анықтады. Мамандар түрлі қулыққа барған. Мысалы, Ақмолада емтихан тапсырушының компьютеріне қашықтан қосылу арқылы көмек көрсетілген.

Ал Қостанайда басына бас киім киіп, бетіне медицина маскасын тағып жүзін жасырған басқа адамдар тапсырушының орнына кірген. Анықталған айғақтарға сәйкес емтиханның сәтті өткені жайлы жалған анықтамалар қайтарылды. Алдағы уақытта осы тектес заңсыздықтың жолын кесу үшін енді елдегі барлық мамандандырылған ХҚКО-ы тексеріледі. 

 Рүстем Болат, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті превенция басқармасының басшысы:

Мысалы, биыл наурызда Қостанайда М деген азамат жол ережесін өрескел бұзып,  С деген азаматтың көлігін соққан. Тергеу барысында  жүргізуші куәлігін теориялық және практикалық емтихансыз алғаны анықталды.

Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу