Кабулде екі жарылыстан кемінде 15 адам мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кабулде екі жарылыстан кемінде 15 адам мерт болды

02.11.2021

Бүгін Ауғанстан астанасы Кабулде екі бірдей жарылыстан кемінде 15 адам мерт болып, 34-і жараланды. Бомбалар қаланың орталығындағы Сардар Мохаммад Дауд Хан госпиталінің кіреберісінде іске қосылған.

Әзірге қастандықты ешкім өз мойнына алған жоқ. Бірақ, куәгерлердің сөзінше, «Даиш» террористік тобының мүшелері осы ауруханаға кіріп, қауіпсіздік күштерімен қақтығысқан.

Тәліптер билікке тамыздың ортасында келді. Содан бері аталған лаңкестік ұйым Кабул әуежайы мен шииттер мешіттерінде жойқын жарылыстар ұйымдастырып, жүздеген адамды өлтірді. Кейбір бақылаушылардың ойынша, бұл шабуылдар «Талибанның» Ауғанстанда қауіпсіздікті қалпына келтіру әрекеттеріне кедергі келтіру үшін жасалып жатыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу