Сақтандыру компанияларының табысы 13 млрд 6 млн теңгеге ұлғайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сақтандыру компанияларының табысы 13 млрд 6 млн теңгеге ұлғайды

02.11.2021

Сақтандыру компанияларының табысы 13 млрд 6 млн теңгеге ұлғайды. Өткен айда жүргізілген есеп бойынша олардың кірісі 90 млрд теңгеден асқан. Қазақстанда сақтандырумен айналысатын 27 ұйым бар. Оның тоғызы өмірді сақтандырады. Биыл тұрғындармен 8600-ден аса шарт жасалған. Былтырмен салыстырғанда сақтандыру компаниясына жүгінгендер 34 пайызға артты. Жыл басынан бері 523 мыңнан аса сақтандыру шартын жасасқан азаматтарға 88 млрд теңге төленді. 

Хабарламаларға жазылу