Есеп комитеті Ұлттық қордағы қаржыға қатысты тексерісті бастады. Комитет қордағы ақшаның тиімді жұмсалуын бақылауға алады. Былтыр түскен қаржының 95 проценті жұмсалса, биыл жарты жылда шығыстар кірістен асып кеткен. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында Ұлттық қорды тиімді пайдалану мәселесіне тоқталды. Президент қордағы ақшаны ағымдағы мәселелерді шешу үшін жұмсауды қысқарту керегін айтқан. Ұлттық банктің мәліметінше, тамыздағы есеппен қорда 56,9 млрд доллар бар.