Рақымшылыққа кімдер ілігетіні белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рақымшылыққа кімдер ілігетіні белгілі болды

03.11.2021

Тоғызыншы амнистия. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай бірқатар сотталған адам бостандыққа шығады. Мәжіліс депутаттары рақымшылыққа кімдер ілігетіні туралы заң жобасын қарады. Палата отырысына қатысқан Нысаналы Ығылдан толығырақ білейік. Нысаналы, сонымен кімдерге амнистия жасалмақ?

Нысаналы Ығыл, тілші:
Құжатқа алғаш рет «Әлеуметтік осал санат» деген ұғым енген. Бұған екінші дүниежүзілік соғысына қатысушылар мен мүгедектер, қарулы күштердің, басқа да әскерлер, тіпті Кеңес одағының әскери қызметшілерінің жесірлері кіреді. Сондай-ақ қылмыс жасағанда он сегізге толмағандар және елуден асқан әйелдер мен алпыс жастан асқан ерлер бар. Рақымшылық 1-2 топтағы мүгедектер, жүкті әйелдер, ата-ана құқығынан айырылмаған және кәмелетке жетпеген балалардың жалғыз ата-анасына да жасалуы мүмкін. Алайда жеткіншектерге зәбір көрсеткендерге, жемқорлар, кісі өлтірушілер мен экстремистерге және қылмыстық топтардың бұрынғы мүшелеріне амнистия жасалмайды. Тәуелсіз ел тарихында бұған дейін 8 рет рақымшылық шарасы қолданылды. Оның төртеуі егемендік күніне орайластырылды. 

Нысаналы Ығыл


Хабарламаларға жазылу