Қызылорда облысы «жасыл» аймақта. Өңірде індет жұқтырғандар едәуір азайып, эпидахуал тұрақтанды.
Қазір ауруханаларда 180 науқас ем алып жатса, соның 20-сы жансақтау бөлімінде. Төсек-орын тапшылығы жоқ. Тіпті бірқатар провизорлық стационарлар жабылды. Ал облыста карантиндік шектеулер жеңілдетіліп, тұрғындар қалыпты өмірге қайта оралды. Барлық кәсіпкерлік нысандар «Аshyk» бағдарламасымен уақыт шектеуінсіз жұмыс істеуде. Облыста 370 мың адам екпе алған. Бұл - міндеттелген халықтың 81 пайызы.
Жангелді Шайымбетов, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:Қазіргі таңда 1-қалалық емхана, Жалағаш, Қармақшы аудандары коронавирусқа қарсы екпені толығымен бітірді. Қазіргі таңда облысымызда 106 егу кабинеті ашылған. Яғни оның барлығы жұмыс күндері үзіліссіз жұмыс істеп жатыр.
Әділбек Серікұлы