Байден Ресей мен Қытай басшыларына саммитке келмегені үшін сын айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Байден Ресей мен Қытай басшыларына саммитке келмегені үшін сын айтты

03.11.2021

АҚШ президенті Джо Байден Ресей мен Қытай басшыларын Шотландияда өтіп жатқан халықаралық экологиялық саммитке келмегені үшін сынға алды. Мәскеу мен Бейжің бұл конференцияға делегат жібергенімен, Владимир Путин мен Си Цзиньпин барған жоқ.

Байденнің ойынша, Қытай жетекшісінің маңызды жиынға қатыспауы, бұл мемлекеттің әлемдік лидерлікке талпынысымен мүлде сәйкес келмейді. Америка президенті қос держава басшыларының Глазгоға бармау шешімін «үлкен қателік» деп атады.

Ал атмосфераның ластануы бойынша Қытай бірінші, ал Ресей АҚШ, Еуроодақ, Қытай мен Үндістаннан кейінгі бесінші орында тұр. 

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу