Елімізде 1 миллионнан астам адам мүлік салығын төлемеген. Қарыздың жалпы сомасы 3,5 миллиард теңгеге жуық. Бұл тізімде үш мегаполис- Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары көш бастап тұр. Жеке тұлғалардың 2020 жыл үшін мүлік салығын төлеу мерзімі 1 қазанда аяқталғаны белгілі. Мемлекеттік кіріс органдары салық міндеттемесін орындамаған азаматтарға хабарлама жіберген. Берешек қараша айының 15-не дейін төленбесе, арнайы салықтық бұйрық шығады. Төлем сот орындаушылары арқылы мәжбүрлеп өндіріледі. Мемлекеттік кірістер комитеті мұндай жағдайға жеткізбей, салықты тезірек төлеуге кеңес береді.