Елімізде коронавируспен ауырғандар саны күрт өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде коронавируспен ауырғандар саны күрт өсті

04.11.2021

Кеше 1396 адам вирус жұқтырған. Алдыңғы тәулікпен салыстырғанда бұл, шамамен, 100 адамға көп. 109-ы коронавирустық белгілері бар пневмонияға шалдыққан. Індет жұқтырған 8 адам көз жұмды. Осылайша елде науқастанғандар саны 944 501-ге жетті. Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша 9 аймақ «жасыл» аймақта. Ал қалғаны «қызыл» және «сары» аймақ тізімінде.

Мәселен, қауіпті аймақ қатарында Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан. «Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары тұр. «Жасыл» аймаққа: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстары енген.


Хабарламаларға жазылу