Батыстың санкцияларынан Сирия экономикасы ауыр күйзелісті өткеріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыстың санкцияларынан Сирия экономикасы ауыр күйзелісті өткеріп жатыр

04.11.2021

10 жылдан бері Батыстың санкцияларына ұшыраған Сирия экономикалық қиындықтарды бастан кешіп жатыр. Елде сұйытылған табиғи газ бағасы екі есе қымбаттаған. Санкциялық шектеулердің кесірінен бұл ел ішкі сұранысты өтеуге жеткілікті көлемде көгілдір отынды импорттай алмай отыр. Бұған қоса, АҚШ Араб Республикасына жарияланған санкцияларды жыл сайын ұзартып келеді. Бұл жағдай елдің ұлттық экономикасының барлық саласына кері әсерін тигізіп, соғыстан зардап шеккен елді одан әрі күйзеліске ұшыратты. Валюта құнсызданып, баға шарықтап, жұмыссыздық арта түскен.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу