Қызылорда облысында елімізде алғаш рет мектеп директорларының тұжырымдамасы жарық көрді. Білім ошақтарының басшылары енді арнайы бағыт-бағдарға сай жұмыс жүргізбек. Өңірде былтыр «серіктес директорлар» лигасы құрылған. Содан бері білім берудегі жаңашылдықтар мен оқу процесін жетілдіру бағытында түрлі ұсыныстар жинақталып, ой-пікірлер сараланды. Соған сәйкес теория мен тәжірибені ұштастырып жаңа тұжырымдама әзірленді. Бүгінде білім ордасының басшысы білікті педагог қана емес, мықты менеджер ата-ана мен мектеп арасын жалғайтын алтын көпір болуы тиіс. Сыр өңіріндегі тың жоба алдағы уақытта республика бойынша жүзеге асырылмақ.
Ақзира Қасымова, облыстық Білім басқармасының басшысы:
Қандай менеджер болу керек? Қалай басқару керек? Қандай қателіктер бар? Кемшіліктерді ескеру керек деген сияқты бүгін біраз мәселелер талқыланды. Алдағы уақытта да мектеп басшыларын дамытуға байланысты ұсыныстар айтылды.