Биыл 200-ден астам жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Ал 2025 жылға дейін тағы 800 мектеп салынады. 5000-дайы қайта жаңғыртудан өтеді. Бұл «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылмақ. Жас ұрпақтың жақсы тәрбие мен сапалы білім алуына жағдай жасау, әр баланың құқығының қорғалуына кепілдік беру –басты міндет. Жоба жүзеге асырылғанда апатты және үш ауысымды мектептер мәселесі толық шешіледі. Ауыл мектептері интернетпен, оқу процесін ұйымдастыруға қажет жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, 3 пен 6 жас аралығындағы сәбилер балабақшамен 100 % қамтылады. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында бала дамуының жаңа моделі енгізіліп, «Ойын арқылы оқыту» қағидаты негізінде мемлекеттік стандарт өзгереді. Тағы бір маңызды міндет – мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуына жағдай жасау.
Ардақ Айтжанова, ҚР БҒМ мектепке дейінгі және орта білім комитеті бас сарапшысы:
Қолданыстағы заңнама бойынша 1 психологиялық педагогикалық кеңесіміз ПМПК деп айтамыз қысқаша . Сол ПМПК 60 мың... Бірақ ол қазір жеткіліксіз болып тұр. ++43 ПМПК ашуымыз қажет. + ол бізге не береді? ол кезде өз нормасына келеді. Кезектерді жоямыз. Балаларды уақытылы тексеріп, уақытылы психологиялық педагогикалық қолдау алуға..мектепке келгенде еш қиындықсыз процеске енуіне мүмкіндік береді.