Биыл бүкіл ел Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» мен «Басында Үшқараның» атты повестерін оқиды. Бүгін арнайы комиссия биылғы жылдың үздік шығармаларын анықтау үшін ең озық деген 10-ға тарта кітапқа дауыс берді.
«Бір ел, бір кітап» акциясының ережесі бойынша барлық аймақтардың ұсыныстары қабылданды. Дауысқа салу нәтижесінде Сайын Мұратбековтің повестері таңдалды.
Әлібек Асқар, Ұлттық академиялық кітапханасының бас директоры:
Жабық дауысқа түскен кезде Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі», «Басында Үшқараның» деген повесі таңдап алынды. Биыл енді жыл бойы кітапханалар мен мектептерде, сондай-ақ, оқу орындарында, тіпті әскери бөлімдерде де осы кітап оқылып, халқымыз, жастар жазушы шығармаларымен кеңінен танысатын болады.
Ғабит ҰЗАҚБАЙ