Аида Балаева: Мемлекеттік БАҚ-тағы қазақ тіліндегі контенттің үлесі 78 пайызға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аида Балаева: Мемлекеттік БАҚ-тағы қазақ тіліндегі контенттің үлесі 78 пайызға жетті

05.11.2021
Аида Балаева: Мемлекеттік БАҚ-тағы қазақ тіліндегі контенттің үлесі 78 пайызға жетті

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан қазақ тілінде контент жасаушылардың 5 форумында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мемлекеттік БАҚ-та қазақтілді контенттің үлесі 78 пайызға жеткенін мәлімдеді.

«Оның ішінде телеарналардағы контент – 79,2%, баспа басылымдарда - 84,50% және интернет-ресурстарда – 59,81%. Осыдан 10 жыл бұрын мемлекеттік тілде ақпарат тарататын 6 сайт қана болса, бүгінде жағдай мүлдем бөлек», - деді министр.

Сондай-ақ, жылдан жылға қазақтілді интернет порталдардың саны да, оқырмандар қатары да артып жатқанын атап өтті. Мысалы, соңғы 2 жыл ішінде жаңадан 46 сайт ашылған.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда қазақ тілінде контент жасаушылардың 5 форумы өтіп жатыр. Шарада қазақтілді интернет кеңістігінің бүгіні мен болашағы және жаңа трендтер талқылануда.


контент Нұр-Сұлтан қазақ тілі форум Аида Балаева

Хабарламаларға жазылу