Ирак премьер-министріне қастандық жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ирак премьер-министріне қастандық жасалды

08.11.2021

Ирак премьер-министрі Мұстафа Әл-Кадимидің резиденциясына жарылғыш зат толтырылған үш дронмен шабуыл жасалды. АҚШ мемлекеттік департаменті оқиғаны террористік акт деп мәлімдеп отыр. «Рейтер»  агенттігінің хабарлауынша, үкімет басшысы қастандықтан зардап шеккен жоқ. Шабуылдан оның алты күзетшісі жараланған. Қылмысты ешкім мойнына алмады. Ал Мұстафа әл-Кадими оқиғадан кейін бейнежазба жариялады. Үкімет басшысы қастандықты кімдер ұйымдастырғанын білетінін мәлімдеді.

Айта кету керек, соңғы апталарда Иракта қазанның 10-да өткен парламенттік сайлауға қатысты жанжал шықты. Иранның қолдауына сүйенген саяси партиялар парламенттегі көпшілік орындарынан айырылып, сайлау нәтижесі бұрмаланды деп мәлімдеді. Ал премьерге қарсы шабуылдан екі күн бұрын олар Бағдатта үкімет күштерімен қақтығысты. Одан 1 адам қайтыс болып, қос тараптан 125 адам жараланған. 


Хабарламаларға жазылу