Елорданың сауда орталықтарына тек «жасыл» мәртебесі бар адамдар кіре алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорданың сауда орталықтарына тек «жасыл» мәртебесі бар адамдар кіре алады

08.11.2021

Елорданың сауда мен ойын-сауық орталықтарына енді тек «жасыл» мәртебесі бар адамдар ғана кіре алады. Бұрын бұл шектеу демалыс күндері ғана болатын. Енді жұмыс күндері де «көк» мәртебесі бар адамдарға сауда орталықтарының есігі жабылады. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлап отыр. Ресми мәлімет бойынша үй карантинін бұзған жағдайлардың көпшілігі осы орталықтарда тіркелген. Тәртіпті күшейтуге себеп болған тағы бір жағдай - Ресейде індеттің өршуі.

Айта кетейік, бір апта ішінде ПТР сынамасын тапсырғандар, медициналық қарсы көрсетілімі бар адамдар мен соңғы 3 ай ішінде ковидпен ауырғаны туралы анықтамасы бар тұрғындар сауда орталықтарына кіре алады.


Хабарламаларға жазылу