Алматы облысында эпидемилогиялық ахуал жақсарып келеді. «Қызыл» аймақтан шыққалы өңірде ең төменгі көрсеткіш тіркеліп отыр. Бір тәулікте 34 адамнан коронавирус анықталған. Олар - 10 аудан мен Талдықорған қаласының тұрғындары. Қалған 7 аудан мен Текелі, Қапшағай қалаларында өткен тәулікте індет жұқтыру тіркелмеген.
Облыста 824 мыңға жуық тұрғын екпенің бірінші компонентін салдырған. Бұл - жалпы екпе алатын халықтың 69 пайызы. Өңірде вакцинаның бірінші компоненттің 81 мың, екінші компоненттің 149 мың доза қоры бар.
Әлия Шағиахмет, облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми өкілі:
Облысқа алдыңғы аптада «Pfizer» вакцинасының тоңазытқыштары келген болатын. Алдағы уақытта сол вакцинаның 70 мың дозасын күтіп отырмыз. Осы немесе келесі аптада келіп қалу керек.
Қуаныш Қанатұлы