Алматы облысында есірткі өндірісімен айналысқандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында есірткі өндірісімен айналысқандар ұсталды

08.11.2021

Күдік тудырған екі азамат Құлжа тас жолының бойына есірткі жасырып жатқан жерінен ұсталды. Олардың үйін тінту кезінде 7200 дозадан аса, яғни 3,6 келі синтетикалық есірткі тәркіленді. Сонымен қатар, оларды дайындауға қажетті заттар табылды. Екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Осы факт бойынша аса ірі мөлшерде есірткі сатып алу, сату және тасымалдау бабымен қылмыстық іс қозғалды. Қолға түскендердің кінәсі дәлелденсе, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қуан Нұрақын


Алматы есірткі

Хабарламаларға жазылу