Қостанайда мыңнан аса интернет алаяқтық анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда мыңнан аса интернет алаяқтық анықталды

08.11.2021

Қостанай облысында биыл интернет алаяқтық бойынша мыңнан аса оқиға тіркелді. Осылайша ақпараттық технология жетістігін теріс мақсатқа пайдаланып, елдің қалтасына түсетіндер көбейген. Интернет алаяқтардың кесірінен тұрғындардың шеккен шығыны 70 млн теңгеге жетті.

 Полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы күрес бөлімі 370 қылмыстың бетін ашыпты. Бүгін облыс аумағында «Hi-tech» жедел-алдын-алу іс-шарасы басталды.

Сәбит Ибраемов, облыстық ПД киберқылмысқа қарсы күрес жөніндегі бөлім бастығы:

Жедел алдын алу іс шарасы аясында азаматтардың банктегі салымдары, жеке мәліметтері жайлы сұраған хабарламаларға аса қырағылық танытуларын сұраймыз.


Хабарламаларға жазылу