Баспа басылымдары бірнеше салық түрінен босатылады. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев Бұқаралық медианы дамыту жөніндегі конференцияда айтты.
Газет-журналдарға сұраныс бар. Сондықтан оларды қолдау үшін осындай қадам жасалмақ. Мұның барлығы БАҚ туралы жаңа заңда қарастырылған. Жиында журналистер құқығы мен сөз бостандығы туралы мәселелер де талқыға түсті. Интернеттің мүмкіндігін арттыру, ғаламтордағы жарнамаларды реттеу де назардан тыс қалмады. Жыл аяғына дейін Ақпарат министрлігі журналистердің ұсынысы мен талап тілектерін қабылдауға әзір. Талқылаудан өткен құжат Парламентке жіберіледі. 2023 жылы БАҚ туралы жаңа заң күшіне енеді деп болжанып отыр..
Кемелбек Ойшыбаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі:
Заңның негізгі мақсаты - БАҚ дамуына жақсы жағдай жасау. Екіншіден, БАҚ халықаралық тұрғыда бәсекелестігі жоғары болуы. Үшіншіден, журналистердің құқығын қорғауға бағытталған.