Көкшетауда кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершілікке негізсіз тартылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершілікке негізсіз тартылған

08.11.2021

Көкшетауда кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершілікке негізсіз тартылған. Салық органдары бизнес иелерінің табыс декларациясын мерзімінде тапсырмағанын анықтаған. Осы бойынша ескертпе жолдап, соның негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Алайда Мемлекеттік кірістер департаментінің шешімімен келіспеген бизнес иелері прокуратураға шағымданып, бақылаушы орган заңсыздықтың алдын алды.


Хабарламаларға жазылу