Ақтауда жылына 150 тонна қызанақ өсіретін жылыжай іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда жылына 150 тонна қызанақ өсіретін жылыжай іске қосылды

08.11.2021

Маңғыстау облысы Шетпе ауылында жылына 150 тонна қызанақ өсіретін ірі жылыжай кешені іске қосылды. 1 га аумақта орналасқан жылыжайда өнім түрік технологиясымен өсіріледі. Мамандардың айтуынша, қызанақтар сортына қарай екі айда піседі. Кешенде 20 жаңа жұмыс орны ашылған. Жоба Президенттің аймақта ауыл шаруашылығы өнімдері қолжетімді болуы тиіс деген тапсырмасын орындау бағытында қолға алынған.

Раушан Қалымбетова, агроном:

Жұмысымыз өзімізге ыңғайлы. Жылы жерде жұмыс жүріп жатыр. Жұмысымыз алға баса берсін, жемісін бірге көрейік. 



Хабарламаларға жазылу