Қазақстанда үй саудасы артты. Биыл қарашаға дейін 465 мың сату-сатып алу келісімшарты жасалған. Баспана саудасы былтырмен салыстырғанда 89%-ке көтерілді. Өткен айдың өзінде 44 мыңнан аса үй сатылған. Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, әсіресе Маңғыстау, Атырау, Қарағанды мен Қызылордада пәтер алушылар көп. Сонымен бірге елорда мен Түркістан облысында үй саудасы қызып тұр. Халық биыл баспана алу үшін 159 млрд теңгеге ипотекалық несие алған.
Ақерке Бектас