Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Польша Сенатының Маршалы Томаш Гродзкимен кездесті. Келіссөздер барысында тараптар екі ел арасындағы парламентаралық әріптестікті нығайтуға келісті. Мәжіліс Спикері Қазақстан басшылығының Польшамен жан-жақты серіктестікті дамытуға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті. Өз кезегінде, Польша Сенатының Маршалы екі ел арасындағы қарым-қатынас достық пен өзара көмек негізінде құрылғанына тоқталып, Қазақстан 100-ден астам түрлі этностардың үйіне айналғанын айтты. Томаш Гродзкий поляк парламентшілерінің Қазақстанмен барлық салада ынтымақты дамыту үшін қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Берік Көшербай