Украинада бір тәулікте 793 адам індеттен көз жұмған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинада бір тәулікте 793 адам індеттен көз жұмған

09.11.2021

Украинада бір тәулікте коронавирустан 793 адам көз жұмып, 25 мыңнан астам тұрғын вирус жұқтырған. Қазір Киев және Украинаның 15 облысы қауіпті «қызыл» аймақта. Соған қарамастан екпеге бей-жай қарағандар ковид сертификатын сатып алуды доғарар емес. Тексеріс кезінде Киевтегі әр оныншы COVID-сертификаты жалған болып шыққан. Сондықтан Украина билігі сертфикатты қолдан жасағандарға жазаны күшейтпек. Енді жалған құжат үшін ел азаматтары 1500 доллар шамасында айыппұл төлейді немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.


Хабарламаларға жазылу