Тараздық тұрғындар саяжайға елді мекен мәртебесін беруді сұрайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тараздық тұрғындар саяжайға елді мекен мәртебесін беруді сұрайды

09.11.2021

Тараздың іргесіндегі саяжай тұрғындары әлеуметтік мәселелерді жедел шешу үшін елді мекен мәртебесін беруді сұрайды. Дихан ауылдық округіне қарасты саяжайда 500-ге жуық тұрғын бар. Ескерусіз қалдық деген жұрт жол салынып, ауызсу мен жарықтың берілгенін қалайды. Себебі балалардың күнделікті мектепке баруы, халықтың дәрігерге көрінуі мұңға айналған. Жергілікті билік мәселені шешеміз деп уәде еткенмен, нәтиже жоқ дейді тұрғындар.

Мәдина Иманәліқызы, саяжай тұрғыны:

Оқушылар  Аймантөбенің мектебіне барып оқиды. Транспорт жоқ. Ауырып қалсақ, алыстағы Диқанға барамыз.

Талап бойынша саяжай алқабындағы тұрғындардың саны 1000-нан асса ғана, ауыл мәртебесі беріледі. Дегенмен оған қарамастан, жергілікті билік мәселені біртіндеп шешетінін, ал жақын күндері жолды тегістейтінін жеткізді.

Жұман Әбдуалиев, Дихан ауылдық округінің әкімі:

Бұл мәселе алдыңғы жылы көтерілген. Содан аудандық, облыстық республикаға дейін хат жазылды. Хаттың жауабы да келген. Ол жерге ауыл статусы берілмейді деді. Себебі қасында Талас өзені бар. Су көбейсе, қауіпті аймақ болып саналады. Бірақ мәселесін шешеміз, жолды тегістеп береміз.


Хабарламаларға жазылу