Алматыда пәтер тонаушы қолға түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда пәтер тонаушы қолға түсті

10.11.2021

Алматыда пәтер тонаушы кезекті ұрлығы кезінде қолға түсті. 38 жастағы азаматқа бұдан бөлек тағы да алты ұрлыққа қатысы болуы мүмкін деген айып тағылып отыр. Ол өзінің жымысқы әрекетін үйде ешкім жоқ кезде жүзеге асырып келген. Ішке кіріп ақша, электроникалық заттар мен зергерлік бұйымдарды қолды еткен. Оның тұрып жатқан пәтерін тінту кезінде өзіне тиесілі емес айғақ заттар тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, қылмыстық іс қозғалды.


Хабарламаларға жазылу