Атырауда жеке тұрғын үйде жылу қазандығы жарылып, 3 адам зардап шекті. Куәгерлердің айтуынша, жарылыс екі мәрте болған. Іште қалған тұрғындарды көршілері құтқарып қалған. Бірақ жағдайлары ауыр. Оқиға орнынан меншікті тілшіміз Жандос Темірғали тікелей эфирге қосылды.
Жандос Темірғали, тілші:
Оқиға қала іргесіндегі Балауса ықшамауданында түнгі сағат 01:00 шамасында мына үйде болды. Өрт салдарынан баспананың 120 шаршы метр аумағы жанып кетті. Қызыл жалынды сөндіру үшін ТЖД-нің 16 қызметкері мен 3 техника жұмылдырылды. Жылу қазандығы жарылған кезде пәтерде 2002 жылғы екі бозбала мен 22 жастағы қыз болған. Үшеуінің де жағдайы ауыр.