Халықтың өзекті мәселелерін шешу үшін ҮЕҰ әлеуетін пайдалану маңызды — Аида Балаева - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықтың өзекті мәселелерін шешу үшін ҮЕҰ әлеуетін пайдалану маңызды — Аида Балаева

10.11.2021
Халықтың өзекті мәселелерін шешу үшін ҮЕҰ әлеуетін пайдалану маңызды — Аида Балаева

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның төрағалығымен ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің онлайн-отырысы өтті.

Отырыс барысында Үйлестіру кеңесіне қатысушылар халықтың өзекті мәселелерін шешудің тиімді тәсілдерін әзірлеу, мемлекеттік органдардың басым міндеттерді іске асыруда ҮЕҰ әлеуетін тиісті түрде тарту, әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруда азаматтық қоғам ұйымдарының рөлін күшейту және басқа да мәселелерді қозғады.

Министр өз сөзінде халыққа маңызды мәселелерді шешу бойынша кешенді жұмысты ұйымдастыру үшін өңірлердегі ҮЕҰ әлеуетін пайдаланудың өзектілігін атап өтті. А.Балаева ҮЕҰ тиімділігін арттыру үшін ақпараттық жұмыстың маңыздылығына ерекше назар аударды.

Кездесу қорытындысы бойынша кеңес қатысушылары облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің орынбасарларына өңірлік мәселелерді шешуде ҮЕҰ өкілдігін кеңейту жөнінде тиісті ұсынымдар берді.

Өз кезегінде, мемлекеттік органдар үкіметтік емес сектор тарапынан ескертулер мен проблемалық мәселелерді назарға алды.


Хабарламаларға жазылу