Заңды майнинг фермаларына электр энергиясы үшін шектеу қойылмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Заңды майнинг фермаларына электр энергиясы үшін шектеу қойылмайды

10.11.2021

Заң талаптарын сақтайтын майнинг фермаларына электр энергиясын пайдалануға шектеу қойылмайды. Олар электр қуатынан ажыратылмайды. Блокчейн-технологиялар қауымдастығы өкілдерімен кездестен  Энергетика министрі осылай деді. Мағзұм Мырзағалиевтың айтуынша, дата-орталықтар елдің энергетикалық қауіпсіздігіне нұқсан келтірмей жұмыс істеуі тиіс. Сонымен бірге көлеңкелі айналымдағы майнерлер қызметін жалғастыру үшін бизнесін тіркеп, заңдастыруға міндеттеледі. Жалпы, жыл сайын блокчейн-технологиялардан мемлекет бюджетіне 127 млрд теңгеден аса қаржы түседі.


Хабарламаларға жазылу