Германияда соңғы 24 сағатта 50 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған. Қауіпті инфекция елде төртінші күн қатарынан өршіп отыр. Роберт Кох институтының мәліметінше, пандемия басталғалы, Германияда вирус жұқтырғандардың қатары 4 млн 890 мыңға жетіп, өлім-жітім саны 97 мыңнан асқан.
Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының баяндамасына жүгінсек, әлемде ковидке шалдығу оқиғалары азайып келе жатқанымен, Еуропада пандемия қайта күшейіп отыр. «Қарт құрлық» елдерінде өткен аптада коронавирус диагнозы қойылған науқастар саны 7 есеге, ал осы аурумен байланысты өлім-жітім 10 есеге артқан. Баяндамада келтірілген тағы бір мәліметке сай, бұл вирус АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Түркияда да көптеп тіркеліп жаттыр.