Францияда «Диснейленд» қызметкерлері шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда «Диснейленд» қызметкерлері шеруге шықты

11.11.2021

Францияда «Диснейленд» қызметкерлері шеруге шықты. Олар жалақыны өсіруді талап етіп, ауысымдық жұмыс уақытына көңілі толмайтындарын мәлімдеп отыр. Акцияны ұйымдастырған кәсіподақ өкілдерінің сөзінше, ойын-сауық паркінің қызметкерлері 10 сағат жұмыс істеп, тек бір күн демалады. Демонстранттар мұны өзгертуді қалайды. Ал  «Диснейленд» басшылығы кәсіподақтармен осы талаптарға қатысты келіссөз жүріп жатқанын және жалақыны жылына 3 пайызға көтеруге келіскенін мәлімдеп отыр. 


Хабарламаларға жазылу